"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдіңіздер біздің сайтқа.

Біздің мектептің тарихы 1965 жылдың басынан бастап басталады. 2020 жылы біздің мектептің мерейтойы, 55 жыл өтті...

Нақты қазіргі уақытта мектеп «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Свободный аулының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жаңа мәртебеге ие.

Мектеп миссиясы – Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген сапалы білім алуға жағдай орнату, интеллектуалды, патриоттық, рухани, адамгершілік және физикалық дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Біздің ұранымыз – табысты мектеп, табысты оқушы.

        Жылдан жылға педколлектив және мектеп оқушылары  ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп, жетістікке жетеді, өз дәстүрлерін сақтайды және жобаларын дамытады: «Оқу – ең жақсы ілім», «Жасыл Ел» (мектеп жанындағы бақта жеміс-жидек дақылдарын дамыту), өлкетану «Ауыл шежіресі».

Мектептің мақтанышы «Менің туған өлкем» тарихи –өлкетану жобасы аясында жүрілетін,    «Целина» мұражайын дамыту болып табылады. Мектеп « Рухани Жаңғыру» аясында оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі белсенді жұмысы үшін бірнеше рет грамоталармен марапатталды. «Өшпейтін жұлдыздар», "Жас Ұлан" балалар қоғамдық бірлестігін дамытуда да ерекше жетістіктер атап өтілді, «Адал Ұрпақ»ерікті мектеп клубтарының облыстық слетінде 1 орын.

             Отбасылық құндылықтарды дамытудағы серіктестік қатынастар ата-аналардың қамқоршылық кеңесімен, әкелер кеңесімен, «Достар» отбасылық клубымен ынтымақтастық арқылы қолдау табады», нәтиже – «Отбасылық қарым – қатынас клубы» облыстық конкурстан 3 орын.

 «Жастар» аула клубы 6 спорт түрі бойынша белсенді дамып келеді: волейбол, пионербол, теннис, дойбы, шахмат, күрес, - мектеп оқушылары «Жастар» аудандық спартакиадада жүлделі орындар алды. Сыныптан тыс спорттық секциялар жүріледі: асық, тоғызқұмалақ, баскетбол. «Жұлдыздар» вокалды-хореографиялық  сабақтар, «Жас сарбаз» әскери – потриоттық клубтар жалғасуда, оқушылар  жыл сайын аудандық саптық байқаудан және патриоттық әндерден, көп сайыстар бойынша ерекше жетістіктермен жүлделі орынға ие болды, 2021 жылында халықаралық фестивалдан 3 орын.

Мектеп базасында баян, фортепианино, домбыра сыныбы бойынша балалар музыкалық мектеп бөлімшесі 3 –нші жыл жұмыс істейді. Оқу жоспарының вариативтік бөлігі шеңберінде оқушылардың қызығушылықтары бойынша 37 қосымша сабақ өткізіледі.

2020 жылдың  жұмыс қорытындысы тәрбие жұмысы бойынша біздің ауданның рейтінгісінде 1 орын болды.

        Мектеп кең жолақты Интернетке қосылған, жаңа компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілген: планшеттер -8, ноутбуктер -25, компьютерлер -5. Мектеп кітапханасында интернетке шығатын оқу залы ұйымдастырылған, 5 ноутбук пен принтер орнатылған.

        Қазіргі уақытта мектепте жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасалуда және тек тығыз одақта: педагогтар, оқушылар мен ата-аналар, біз Қазақстан Республикасының табысты және тәрбиелі азаматтарын өсіре аламыз.

       Егер сіз мектеп өмірі туралы бәрін білгіңіз келсе, біздің мектептің сайтына қош келдіңіз.

Құрметпен, мектеп директоры  Меркер Нина Анатольевна.

                       


Жаңалықтар


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

«Ақмола – адалдық алаңы»

Текст